КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 
Алакөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Алакөл ауданының 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы бойынша Алакөл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессия отырысы өтті.
 
Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Алакөл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж. Көкенова баяндама оқып, Алакөл ауданының 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы бойынша жылдық есебін қорытындылады. Жетісу облысы тексеру комиссиясының мүшесі Қ. Ноғайбеков арнайы келіп, Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған Алакөл ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есеп берді. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А. Жұмабеков Алакөл ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы баяндама оқып, атқарылған жұмыстар жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, Алакөл ауданы бойынша туристтерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға туристтік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д. Жуандықов тоқталып өтті.
 
Жиында күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қаралып, талқыланып, шешім қабылданды.