ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
 
«Бірлік – береке, ынтымақ – ырыс» деп білген халқымыз қай заманнан да татулықты ту етіп келеді. Өткен ғасырда тағдыр талайымен тар жол тайғақ кешіп, қазақ даласын паналап келген өзге ұлт өкілдерін өзекке теппей, өз бауырымыздай құшақ ашып, қол ұшын создық. Осы тұтастық бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құндылығына айналды. Сондықтан татулықты сақтау бізге жүктелген бабалар аманаты десек, артық емес. Биыл Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің дәстүрлі түрде тойланып келе жатқанына 28 жыл.
 
Осыған орай, бүгін Үшарал қаласы, «Астана» демалыс саябағында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті. Шараға аудан тұрғындары мен ардагерлер, жастар және ауданымызды мекендейтін түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері қатысты.
 
Достық пен бірлік, ізгілік пен еңбек насихатталған салтанатты жиында аудан әкімі А. Абдинов құттықтау сөз алып, барша аудан тұрғындарына береке-бірлік, әр шаңыраққа құт береке мен елімізге амандық тіледі.
 
Мерекелік шарада аудан тұрғындарына арнайы аудандық орталық кітапхананың кітап көрмесі, этномәдени орталықтардың қолөнер көрмелері, «Дарын Әлем» шығармашылық орталықтың сурет көрмесі мен аудан қолөнершілерінің көрмесі халық назарына ұсынылды.
 
Ел бірлігін, ұлттар достығын паш еткен мереке аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сонымен қатар, тұрғындар арасында «Достық» атты жүгіру марафоны ұйымдастырылды.