“ДОСТЫҚ” МАРАФОНЫ ӨТТІ

“ДОСТЫҚ” МАРАФОНЫ ӨТТІ
“ДОСТЫҚ” МАРАФОНЫ ӨТТІ
 
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай аудандық “Достық” атты жүгіру марафоны өтті.
 
Марафонның басты мақсаты- өскелең ұрпаққа спортты насихаттай отырып, салауатты өмір салтына баулу, аудандық бұқаралық спортты дамыту.
 
Шараға 50 ге жуық аудан тұрғындары мен жас спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты.
 
Марафон “Астана” демалыс саябағынан бастау алып, 6 км қашықтықты қамтыды.
 
Мәре сызығына алғаш келген жеңімпазға арнайы алғыс хат, медаль және сыйлықтар табыс етілді.