2024 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДА ЖӘНЕ ПАРАЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2024 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДА ЖӘНЕ ПАРАЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Туризм және спорт министрлігі мен Олимпиадаға дайындық штабының өкілдері Мәжіліс депутаттарымен кездесу өткізіп, 2024 жылы Францияның Париж қаласында өтетін төрт жылдықтың басты додалары – Олимпиада және Паралимпиадаға ұлттық құраманың дайындығын баяндады. Жиынға қатысқан ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары Ардақ Назаров, Нұрлан Әуесбаев, Дәулет Мұқаев, Қазыбек Иса, Нартай Сәрсенғалиев, Нұргүл Тау, Тансауле Сериков министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сондай-ақ депутаттар Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдошылардың ОҚЖ қатысып, спортшылармен тілдесті. Соңынан Qazaq kuresi академиясы тәрбиеленушілерінің жаттығуын тамашалады.

Еске сала кетсек, биылғы XXXIII жазғы Олимпиада 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді. Оған дүниежүзінің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ал XVII жазғы паралимпиада 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында өтеді. Спорттың 22 түрінен 184 мемлекет 549 медаль жиынтығын саралайды.

Жазғы спорттық ойындар бойынша бүгін ел қоржыны тағы бір медальмен толығып, спорттың 17 түрінен 50 лицензияға жетті.

Параойындар бойынша Қазақстан құрамасында спорттың 7 түрінен 11 лицензия бар.