денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және өңiрлiк денсаулық сақтау бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
азаматтарды және оралмандарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетудi қоса алғанда, медициналық көмекпен, дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
бөлiнген бюджеттiк қаражат шегiнде денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мониторингтi жүзеге асыру;
денсаулық сақтаудың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң функцияларын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген тәртiпте тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету жөнiндегi фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру;
амбулаториялық деңгейде уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес — Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген тәртiпте тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету шеңберiнде профилактикалық препараттарды сатып алуды жүзеге асыру:
медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ күрделi жөндеу жүргiзуге арналған қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру;
облыстың медицина ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау саласындағы өңiрлiк электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына беру;
төтенше жағдайлар кезiнде тегiн медициналық көмек көрсетудi, дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
гигиеналық оқытуды, салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастыру;
халықты әлеуметтiк маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың таралуы туралы хабардар ету;
азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша халықаралық және үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде статистикалық әдiснама талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асыру;
облыстың ведомстволық бағынысты медицина ұйымдары басшыларының кәсiптiк құзыреттiлiгiне аттестаттауды жүргiзу;
өз құзыретi шегiнде гендерлiк саясатты iске асыру;
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметтi, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;
фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елдi мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пункттерi, жылжымалы дәрiхана пункттерi арқылы дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi жүзеге асыру үшiн медициналық бiлiмi бар мамандарды оқыту және аттестаттау;
денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсiптiк құзыреттiлiгiне аттестаттауды өткiзу;
өз құзiретi шегiнде мемлекеттiк-жекеше әрiптестiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
медицина ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органының мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктерлi жүзеге асыру.