Қызылжар ауданының жекелеген ұйымдарымен бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы
пресс-релиз
2025 жылдың 30 қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Қызылжар ауданының жекелеген ұйымдарының бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды. Жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 60 540,1 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтіруге – 54 348,8 мың теңге, бюджет кірісіне өтеуге – 4696,8 мың теңге, бюджет кірісіне түсуге – 1 494,5 мың теңге жатады. Тиімсіз жоспарлаудың сомасы - 20 844,2 мың теңге, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы – 80,0 мың теңге. Мемлекеттік аудит барысында рәсімдерді орындау тәртібінің 60 бұзушылығы анықталды. Аудит объектілері жалақыны, сыйлықақыларды, үстемеақыларды, іссапар шығындарын төлеу, жанар-жағармай материалдарын есептен шығару, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті және т.б. бұзушылықтарға жол берген. Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің 13 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 57 материал жіберілді, оның ішінде: - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ бұрмаланған қаржылық есептілікті жасағаны үшін 32 материал; - Қызылжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына салықтық емес төлемдерді толық, уақытылы аудармау фактілері бойынша 25 материал. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларына қаржылық тәртіпті нығайту, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланғаны үшін жауапкершілікті арттыру жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды. Сондай-ақ кадр саясатын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу, анықталған бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша тұрақты негізде техникалық оқу жүргізу, жаңадан қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу. Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы Нұсқамалар жіберілді.
Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Ә. Жақсылықов