2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту қорытындылары туралы пресс-релиз

2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту қорытындылары туралы пресс-релиз

2024 жылғы 24 маусымда тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Сейтқожаев Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясына Солтүстік Қазақстан облысының 2023 жылғы облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есебі бойынша баяндамамен қатысты, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның есебіне тексеру комиссиясының қорытындысы болып табылады.

Тексеру комиссиясының 2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бірауыздан қабылданды.

Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы 2023 жылғы есеп мәслихаттың тұрақты комиссиясында толығырақ қаралды.

Есепті жылдағы облыстың даму қорытындылары теріс динамикамен де, оң динамикамен де көрсеткіштермен сипатталады.

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша облыстық бюджеттің негізгі параметрлері негізінен орындалды, бұл халық алдында жоспарланған міндеттемелердің орындалуын толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Облыстық бюджет түсімдері 468,8 млрд. теңгені немесе жоспарға 104,5% құрады (2022ж. – 441 млрд. теңге, өсім 6,3%). Облыстық бюджеттің шығыстары 461,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,1% (439,6 млрд.теңге) артық. Бірнеше рет нақтыланғанына қарамастан, орындалмау сомасы 328,1 млн. теңгені құрады, бұл өз кезегінде 2022 жылмен салыстырғанда 7,3 есе аз (2022ж. – 2,4 млрд. теңге). Игерілмеу 82,5 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 19 есе аз (2022ж. – 1,6 млрд. теңге). 2023 жылы бөлінген тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 444,3 млн. теңгені құрады.

Облыстың даму жоспарына сәйкес 2023 жылы 130 нысаналы индикатор іске асырылды, оның ішінде есепті қалыптастыру күніне – 73 қол жеткізілді, 18 қол жеткізілмеді, 39 индикатор бойынша статистикалық деректердің болмауына байланысты жетістік бағаланбады. Бірқатар мақсатты индикаторлар бар, оларға қол жеткізуді бұрынғыдай бағалау мүмкін емес. Бұл көрсеткіштердің орындылығы туралы мәселе туындайды.

Тексеру комиссиясы қызметінің негізгі көрсеткіштері:

2023 жылы 52 нысанда 12 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аудитпен 100 млрд. теңге қамтылды.

2,2 млрд.теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 1,7 млрд. теңге (76%); тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, активтер – 83,1 млн. теңге (4%); тиімсіз жоспарлау – 429,7 млн. теңге (20%). Қалпына келтірілді (бюджетке өтелді) 1,6 млрд. теңге немесе 98,5%.

Жүргізілген аудиттердің қорытындысы бойынша 54 ұсынымдар мен тапсырмалар берілді, олардың 46-сы орындалды.

241 адам жауапқа тартылды, оның ішінде қылмыстық – 4, әкімшілік – 180, тәртіптік – 57. 28 млн. теңге сомасына айыппұл салынды.

Тексеру комиссиясының есебінде бюджетті жоспарлау және орындау кезіндегі жекелеген кемшіліктер, аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері көрсетілген.

Бюджеттің атқарылу тиімділігін арттыру, қаржылық тәртіпті нығайту мақсатында тексеру комиссиясы облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, оның ішінде қаржы, денсаулық сақтау, білім, ветеринария басқармаларына тиісті ұсынымдар әзірледі.