Абай облысында қызмет бабында қаза тапқан полицейге арналған “Батылдық бұрышы” ашылды

Абай облысында қызмет бабында қаза тапқан полицейге арналған “Батылдық бұрышы” ашылды

Абай облысының полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Болат Базаровқа арналған “Батылдық бұрышын” ашты.

Семей қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы “Жас Ұлан” мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатында 1995 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Семей облысы ІІБ Шар ішкі істер бөлімінің милиция кіші сержанты Болат Базаровты еске алуға арналған “Батылдық бұрышы” ашылды.

Іс-шараға Абай облысы ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы, Семей қаласы полиция басқармасының басшылығы және кадр аппаратының қызметкерлері, ерлер мектеп-лицейінің басшылығы, Болат Базаровтың жұбайы мен туыстары қатысты.

Патриоттық тәрбие беру мақсатында, шараға Семей қаласы ПБ Затон полиция бөлімінің жас қызметкерлері, “Жас Ұлан” мамандандырылған мектеп-лицейінің ұландары қатысты.

“Батылдық бұрышының” ашылуы Болат Базаровты бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Шар АІІБ-нің кіші инспектор-кинологы Болат Базаров ішкі істер органдарында небәрі 1 жыл қызмет етті және қызмет барысында қайғылы қаза тапты.

Іс-шара барысында әйелі Гүлмираш Базароваға әкесінің жолын қуып, қазіргі уақытта Абай облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі лауазымында жұмыс істейтін Болат Әнуарұлын лайықты тәрбиелегені үшін алғыс пен құрмет білдірілді.