Түркістанда 8 млн жуық теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Түркістанда 8 млн жуық теңгеге бюджет  қаражатын жымқыру фактісі анықталды

        Түркістан облысының прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтады.

       Атап айтқанда, Департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ (бұдан әрі - КММ) есепшілерімен сөз байласу арқылы КММ-нің қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген.

       Бөтен мүлiктi иемденiп алу фактісімен жинақталған құжаттар СДТБТ тіркеліп, тергеу жүргізу  Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

        Басқа да қолданыстағы заңнамалар бойынша заң бұзушылықтар анықталып, оларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізілді.

                                     Түркістан облысының прокуратурасы