Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары құқыққа қайшы контенті бар топтарды бұғаттады

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары құқыққа қайшы контенті бар топтарды бұғаттады

    Қадағалау органы әлеуметтік желілердің мониторингі шеңберінде экстремистік, террористік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдер суицидін және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін насихаттауды таратқан топтарын анықтады.
    Мысалы, «PANIC PETRO» Telegram-арнасында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін посттар, сондай-ақ жыныстық сипаттағы бейнероликтер орналастырылған.
    «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралармен аталған топтарға кіру бұғатталған.
    Облыс прокуратурасы жыл басынан бері құқыққа қайшы контенті бар барлығы 81 топқа тосқауыл қойды.
    Осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

#Заң_мен_Тәртіп
#Заңүстемдігі

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk