Прокуратура органдары пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылдың басынан бері қадағалау органы жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланылмағаның анықтады.
Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.
Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңге болатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.
Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын адал ниетті субъектілерге қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заңүстемдігі
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk