Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқықтық тәртіпті және режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында заң шығарушы бейнебақылау жүйелерін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін қылмыстық жауаптылық енгізді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-1-бабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында белгіленген бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауаптылықты белгілейді.
Бейнебақылау жүйесін бүлдірген адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ең жоғары жаза 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ҚАЖ мекемелерінде бейнебақылау жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі, оның ішінде олардың жұмыс істеуін бұзған адамдардың жауапкершілігі мәселесін ерекше бақылауға алды.
Мысалы, 2024 жылдың тамызында СҚО бойынша ҚАЖД №51 мекемесінде жазасын өтеудегі сотталған «Т» қасақана күш жұмсаумен 5 үздіксіз бақылау камерасын зақымдаған, сол әрекетімен оларды істен шығарған және 1 157 615 теңгеге материалдық залал келтірді.
Айыртау аудандық сотымен сотталған «Т» «№51 мекеме» РММ-нің бейнебақылау жүйесінің бұзылуына кінәлі деп танылған және оған 4 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталған адамнан мемлекет пайдасына залал өндірілді.
Осындай ұқсас жағдайда ҚР ҚК 428-1-бабы бойынша бейнебақылау жүйесіне зақым келтіргені үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен 2 адам сотталды.
Бейнебақылау жүйелері тәртіпті қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және сотталғандар мен пенитенциарлық мекемелер қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда шешуші рөл атқарады.
#Заң_мен_Тәртіп
# Заңүстемдігі
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk