Қадағалау органы талдау шеңберінде зейнетақы төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдамау фактілерін анықтады.
ҚР Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 256-бабына сәйкес әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген сомаларын Мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады.
Кодекстің белгіленген талаптарына қарамастан, М.Жұмабаев ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы 5 жұмыс берушіге (салық төлеушілерге) қатысты 7 ай бойы 50 жұмыскердің пайдасына міндетті зейнетақы төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу бойынша тиісті шаралар қабылдамаған.
Басқа жағдайда, Аққайың, Ақжар, Есіл, Мамлют, Шал ақын, Қызылжар, Уәлиханов, Тайынша аудандары және Петропавл қаласы Мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды адамдары Кодекстің талаптарын бұза отырып, зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін ӘҚБтК-нің 91-бабы бойынша 22 жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы зейнетақы төлемдері бойынша 3 млн теңге мөлшеріндегі берешек өтелді, жұмыс берушілер мен Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді сақтау мәселесі қадағалау органының бақылауында.
#Әділдік
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы