Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету туралы

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету туралы

    Ағымдағы жылдың 30 қазаны облыстың қадағалау органында облыс прокуроры Қ.Ә.Әбдіхановтың төрағалығымен Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
    Облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды.
    Отырыста 42,5 мың тұрғыны бар облыстың 202 ауылында су құбыры жоқ, облыстың су құбырының жалпы тозуы 35 пайызды құрайтындығы, ең жоғары көрсеткіш Петропавл қаласында (58,2%), Ақжар (49%) және Аққайың аудандары (43%) екені атап өтілді.
    Сондай-ақ кеңес отырысында сумен жабдықтаудың жекелеген көздерінің иесіздігі мен санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі, суды тұтынуға бекітілген тарифтердің жоқтығы, сондай-ақ нысандарды сапасыз және ұзаққа созылған қалпына келтіру мәселелері айтылды.
    Ауыз суды тұтынуды есепке алу қажеттілігіне баса назар аударылады.
    Талқылау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға, табиғи монополиялар субъектілеріне және СЭС органдарына жағдайды жақсарту және облыстың әрбір тұрғынын сумен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.
    Барлық уәкілетті органдар халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алды.

                               Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы