СҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілерін анықтады

СҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілерін анықтады

     Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы заңсыз аңшылыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органдар тарапынан әкімшілік заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.
    Талдау нәтижесінде табиғатты қорғау полициясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) талаптарын бұза отырып, әкімшілік материалдарды әкімшілік құқық бұзушылық фактісін растайтын бейнежазбасыз және құжаттарсыз ресімдегені анықталды.
    Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде облыстың бірқатар тұрғындары Кодекстің 382-бабының 1-бөлігі (жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартылған.
    Жануарлар дүниесін қорғау саласындағы уәкілетті органдар, Кодекстің талаптарына қайшы түрде, әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін дұрыс сараламаған және процестік нормаларды бұзған.
    Қабылданған қадағалау шараларымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 қаулының күші жойылып, 7 кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
    Заңсыз аңшылыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мәселесі прокуратураның бақылауында.

                             Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы