Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары білім беру мекемелерінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары білім беру мекемелерінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

         Білім беру саласындағы талдау нәтижесінде тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде қызмет көрсеткенде төлемдердің сенімсіз жасалуынан көрінетін өрескел бұзушылықтар анықталды.
         Осылайша, облыс әкімдігінің білім басқармасының лауазымды тұлғалары бюджет және салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, бюджеттік өтінімдерді дайындау кезінде бір реттік мектепте тамақтандыру құнын есептеу кезінде қосылған құн салығының ставкасын ескермеген (12%).
         Жеткізушілерге (ҚҚС төлеушілерге) тамақтандыруды ұйымдастырғандары үшін төлем бір оқушыға қажетті 647 теңгенің орнына 614 теңге мөлшерінде жүргізілген.
         Соның салдарынан бұл жағдайлар білім беру ұйымдарында (мектептерде) тамақтандыру қызметін көрсететін 6 кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқты.
         Қадағалау органының актісі бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тәжірибесі қайта қаралды, қаржыландыру көлемін 5,6 млн теңгеге ұлғайту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен қосымша келісімдер жасалды.
         Бұзушылықтар үшін 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
         Бұл ретте қадағалау органы барлық кәсіпкерлік субъектілеріне құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда, олар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ (байланыс телефоны +7-771-362-08-99) арқылы облыс прокуратурасының қызметкеріне тікелей хабарласа алатындарын еске салады.


                       Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы