Павлодарда су қоймаларында шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары басталды

Павлодарда су қоймаларында шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары басталды

Ғылыми топ алдын ала өзендерде, көлдерде, дренаждық су жинақтаушы орындарда және таяз суларда масалардың дернәсілдерінің бар-жоғын бақылайды.

Қазіргі уақытта «Металлург», «Яблонка», «Реченка», «Клен», «Оңтүстік» бағбаншылықтарында, Успен көпірі, «Алюминий Қазақстан» АҚ, балалар темір жолы, АЭА маңында, Усолка, Зеленстрой, Жаңауыл шағын аудандарында, Кенжекөл ауылы мен Атамекен кентінде, «14-жылдық», Малайсары батыр көшелеріндегі су қоймалары мен таяз сулар өңделді.

Бақылау және масалардың дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстары жалғасатын болады.