Павлодарда «Караоке PVL» халықтық байқауы жарияланды

Павлодарда «Караоке PVL» халықтық байқауы жарияланды

Биыл «Ertis Promenade» маусымының ашылуын қаланың талантты тұрғындарының қатысуымен өткізу жоспарлануда.

Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Караоке PVL» халықтық байқауын жариялады.

Оған өтінім берген облыс орталығының 18-ден жоғары жастағы тұрғындары қатыса алады.

Іріктеу кезеңі 11-12 мамырда сағат 11:00-де Астана көшесі, 156 мекенжайында орналасқан "Колос" мәдениет үйінде, өтеді.
Байқау финалы да осы жерде 18 мамыр күні сағат 11:00-де өтпек.

Байқау жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталып, «Ertis Promenade» маусымының ашылуында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Өтінімдер Павлодар қаласы, Астана көшесі, 156 мекенжайында, сондай-ақ, kolos_pvl@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Байланыс телефоны: 61-82-10.