Оңтүстік желілік ауданда жасалған гидравликалық сынақтардың қорытындысы

Оңтүстік желілік ауданда жасалған гидравликалық сынақтардың қорытындысы

Оңтүстік желілік ауданда жасалған гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша жылу желілерінде барлығы 152 зақымданған орын анықталды. Бұл - 29 Ноябрь - Естай - Абай - Кривенко - Малайсары батыр - Қамзин көшелерінің аумағындағы, екінші Павлодар, Восточный шағын ауданы, Зеленстрой, сондай-ақ, Дачный, Усолка, Достық, Сарыарқа аудандарына қарасты 756 үй.

Бүгінде 152 көп қабатты тұрғын үйге ыстық су берілді. Қалған 604 көп қабатты тұрғын үй 26 мамырға дейін ыстық сумен қамтылады.

Осы аптада, 29 сәуірден 5 мамырға дейін солтүстік желілік аудан бойынша гидравликалық сынақтар жүргізілуде. Бұл - Қамзин - Малайсары батыр - Естай - Қ.Нұркин - Ак.Марғұлан - Астана - Набережная - Олжабай батыр - Торайғыров - С.Нұрмағамбетов көшелерінің, Химқалашық, Лесозавод шағын аудандары мен Солтүстік өнеркәсіптік аймақтың аумағында орналасқан 543 көп қабатты тұрғын үй.

Солтүстік желілік аудан аумағындағы тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету кестесі 10 мамырда жарияланады.