Қазақстан және АҚШ: геологиялық саланы дамытудың жаңа мүмкіншіліктері

Қазақстан және АҚШ: геологиялық саланы дамытудың жаңа мүмкіншіліктері

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Америка геологиялық қызметінің өкілдерімен кездесті. Достық диалог пен өзара түсіністік аясында өткен кездесу геология және геофизика салалары мамандарының бастарынқосты.

Америкалық делегацияның құрамында Орталық Азия, Арктика, Еуропа және Ресейбойынша АҚШ геологиялық қызметінің Аймақтық ғылыми кеңесшісі Ингрид Верстратен, Америка геологиялық қызметінің энергетика және минералдық ресурстар орталығының директорыТина Робертс-Эшби, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм, АҚШ елшілігінің атташесі және вице-консул Ксения Розенберг, сондай-ақ геофизика, геохимия және қашықтықтан зондтау қолданбалары саласындағы сарапшылар болды.

2023 жылғы ақпанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті мен АҚШ Ішкі істер департаментінің АҚШ Геологиялық қызметі арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, тараптар бірқатар салаларда белсенді ынтымақтастыққа ниетті. Бұған тәжірибе алмасу, бірлескен іс-шаралар өткізу және ғылыми зерттеулердің озық әдістемелерін әзірлеу кіреді.

Кездесуде геология саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың аспектілері талқыланды. Қазақстандық мамандарды даярлау мәселелері, зертханалық зерттеулерге әдістемелік тәсілдер, геологиялық деректердің базасы мен банктерін құру, сондай-ақ цифрлық деректер қорын құрастыру салаларынахалықаралық тәжірибе мен заманауи технологияларды енгізу мәселелері өзекті тақырыптар болды.

Бұл маңызды қадам Қазақстанның геологиялық саласын дамытудың жаңа мүмкіншіліктерін ашады және елдің ғылым мен технология саласындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға ұмтылысын растайды.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі