ҚАРЫЗ АЛУ СОМАСЫ, МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ
ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Үкіметтік қарыз алу 2024 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығының нақтылған мөлшері шеңберінде жүзеге асырылды.
2024 жылдың 9 айында МБҚ-ны шығару арқылы ішкі қарыздардың түсімі 4 996,6 млрд.теңгені құрады.
Сыртқы қарыздардың түсімдері 90,7 млрд. теңгені құрады.
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 30 504,8 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге 22,6% құрады (ЖІӨ кезінде, 134 952,9 млрд. тг.) оның ішінде:
1) мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үлесі 94,4% құрайтын үкіметтік борыш 28 784,7 млрд.теңге құрады,
Үкіметтік борыштың құрамы мынадай түрде қалыптасты:
- ішкі борышы – 21 567,6 млрд. теңге (75%),
- сыртқы борышы – 7 217,0 млрд. теңге (25%);
2) дисконтталған құны бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ішкі борышы (қысқа мерзімді ноталар) 500,0 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 1,6% құрады;
3) жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелер портфелі шамамен 1 220,1 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 4,0% құрады.
Үкіметтік борыш мынадай түрде қалыптасты:
өтеу мерзімі бойынша:
пайыздық мөлшерлемесі бойынша:
Есепті кезеңде үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер 1 959,3 млрд. теңге құрады.