Будапешт, 2025 жылғы 21 ақпан – 20-23 ақпан аралығында Қазақстан Елшілігі Мажарстан мен шетелдерден келген туристік индустрия өкілдеріне арналған «Travel+» 47-ші Халықаралық туристік көрмеге қатысты. Көрме «HUNGEXPO Budapest» көрме орталығында өтті. Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы өкілдігінің павильоны арқылы таныстырылды.
Елшілік еліміздің туристік әлеуетін бейнеролик арқылы таныстырды. Бұдан басқа іс-шара барысында еліміздің энергетика, инвестициялар, білім беру, цифрландыру мен туризм сияқты стартегиялық салаларын ілгерілетуге бағытталған «Kazakhstan: Born Bold» халықаралық медиа-науқанының тұсаукесері өтті.
Көрме қонақтарына Қазақстанның әсем табиғаты туралы бейнероликтер көрсетіліп, презентациялық материалдар таратылды, сондай-ақ, 2025 жылғы 27 мамырдан бастап Шымкент-Будапешт бағыты бойынша «SCAT» әуекомпаниясының тікелей рейсі туралы ақпарат жеткізілді. Қазақстанда енгізілген жаңа визалық санаты - «Neo Nomad Visa» туралы мәліметтер де таратылады. Іс-шарада ұлттық ойындар, музыкалық аспаптар, киім-кешек және дәстүрлі тағамдар көрсетілді.
Анықтама: 2025 жылғы 21-23 ақпан аралығында өткен «Travel+» 47-ші Халықаралық туристік көрме туризм саласындағы маңызды іс-шара болды. Көрме сала мамандары мен саяхат әуесқойларына басқа елдердегі туристік әлеуетті таныстыруға мүмкіндік береді. 2024 жылы көрмеге 45 елден 30 000-нан астам келуші мен 200-ден астам экспонент қатысты.