✅Заң медицина қызметкерлерін қолдау үшін қабылданды. Түзетулер лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және олардың қоғамдағы маңызды рөлін тануға бағытталған.
✅Заңда не жазылған? Бірінші - медицина қызметкерлерінің тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда өз балалары үшін басым тәртіппен орын алуға құқығы бар Медицина қызметкерлері заңсыз араласудан және кәсіби қызметке кедергі келтіруден қорғалуға құқылы.
✅Еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін көрнекті медицина қызметкерлері үшін алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы енгізілді
✅Үшінші - медицина қызметкерлері артық есептілік пен ақпарат беруден босатылады.
✅Заң кем дегенде 5 жыл мерзімге ауылдық жерге жұмысқа келген медицина қызметкерлері, аса тапшы мамандықтар үшін ең төменгі жалақының жүз еселенген мөлшерінде біржолғы төлемдерді көздейді.
✅ Заң шегілмейтін темекі бұйымдарын, вейптерді, оларға арналған хош иістер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға және жарнамалауға тыйым салады. Бұл халықтың арасында жаман әдеттердің таралуына қарсы күрестегі маңызды қадам.