Қазақстанның АЭХА-мен 2026-2027 жылдарға арналған техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты маңызды хабарландыру

Қазақстанның АЭХА-мен 2026-2027 жылдарға арналған техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты маңызды хабарландыру

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (бұдан әрі – АЭХА) Хатшылығының 2024 жылғы 24 қаңтардағы Вербалды нотасы негізінде 2026-2027 жылдарға арналған ұлттық және (немесе) өңірлік техникалық ынтымақтастық жобаларының тұжырымдамаларын қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Жобалардың тиісті тұжырымдамаларын әзірлеу үшін Комитет жаңа жобаларды әзірлеу процесін баяндайтын АЭХА-ның 2026-2027 жылдарға арналған техникалық ынтымақтастық бағдарламасын жоспарлау мен әзірлеудің жетекшілік қағидаттарын пайдалануды ұсынады.

Жобалардың тұжырымдамаларын әзірлеу кезінде Комитет 2023 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі және АЭХА Бас директоры қол қойған Қазақстанның 2023-2028 жылдарға арналған Негіздемелік бағдарламасын ескеруді ұсынады. Бұл бағдарламада ядролық ғылым мен технологиялар нақты нәтижелерге қол жеткізу мақсатында қолданылуы мүмкін даму саласындағы ұлттық қажеттіліктер мен басымдықтар айқындалады.

Тиімділікті арттыру үшін үлкен әсер бере алатын ауқымды және мағыналы жобаларға маңызды назар аудару қажет. Комитет кешенді, көпжылдық жобаларға ерекше мән беруді ұсынады. Күрделілікті, көлемді, өткен тәжірибені және қолданылатын ядролық технологияның түрін ескере отырып, жобалардың аз санын, бірақ жоспарланған ұзақтығы жеткілікті үлкен жобаларды әзірлеу мүмкіндігін қарастырған жөн.

Жетекшілік қағидаттарда көрсетілген мерзімдерді назарға ала отырып, Комитет атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласын дамытуға барлық мүдделі тараптан қалыптардың толық және қысқа нұсқаларын толтырып, ұлттық және (немесе) өңірлік жобалардың тұжырымдамаларын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде 2024 жылғы 3 мамырға дейінгі мерзімде ұсынуды (.docx пен .pdf форматтарда) сұрайды.

Барлық туындаған мәселе бойынша Комитет Муса Булатулы Кабиевке m.kabiev@energo.gov.kz электрондық мекенжай бойынша хабарласуды сұрайды.

АЭХА материалдары https://pcmf.iaea.org/ сілтеме бойынша қолжетімді.