«Қарабатан» жаңа тарату қосалқы станциясын және ӘЖ-220 кВ әуе желілерін салу Батыс аймақтың энергетикалық жүйелері сенімділігін арттырды

«Қарабатан» жаңа тарату қосалқы станциясын және ӘЖ-220 кВ әуе желілерін салу Батыс аймақтың энергетикалық жүйелері  сенімділігін арттырды

           

            Атырау облысында Қазақстанның батыс аймағының электр желісін күшейту үшін салынған жаңа электр беру желілері іске қосылды. Телекөпір режимінде қосылудың ресми рәсіміне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов қатысты.

            Қазақстанның батыс аймағы тұтынушыларын энергиямен жабдықтау желісінің өткізу қабілетін және сенімділігін арттыру үшін «KEGOC» АҚ жалпы ұзындығы шамамен 780 км болатын «Батыс Қазақстан энергия торабы-Атырау-Маңғыстау» бағыты бойынша кернеуі 220 кВ болатын бес электр беру желісін салды. Жұмыс барысында 4,2 мыңнан астам электр бағаналары орнатылып, «Уральская», «Правобережная», «Индер», «Құлсары», «Теңіз» қосалқы станцияларын кеңейту қамтамасыз етілді, сондай-ақ «Қарабатан» жаңа таратушы қосалқы станциясы іске қосылды.

            Жобаны іске асыру нәтижесінде электр желісінің қуаттылығы айтарлықтай ұлғайтылды: «Батыс Қазақстан энергетикалық торабы – Атырау» учаскесінде 100 МВт-тан 200 МВт-қа дейін; «Атырау – Маңғыстау» учаскесінде 50 МВт-тан 200 МВт-қа дейін. Нәтижесінде Батыс аймақ желісінің сенімділігі екі есеге артып, апат ықтималдығы төмендеді.

            Батыс аймақтың электр желісін нығайту, сонымен қатар оның әрі қарай Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен интеграциялануына негіз болмақ. «Индер» қосалқы станциясында орнатылған басқарылатын қосымша реакторлар кернеуді ауыстырмастан тұрақтандыратын бірегей кешен болып табылады. Ол сондай-ақ белсенді және реактивті қуат ағынын жылдам басқаруға мүмкіндік беретін ұзақ электр беру желілері мен тарату желілерінің ысыраптарын азайтып, жұмысының сенімділігін арттырады.

            Құрылыс жұмыстарына отандық металл және темірбетон тіректері, сымдар, оқшаулағыштар мен трансформаторлар пайдаланылды. Қазақстандық қамту үлесі шамамен 70%-ды құрады. Бұл шара Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарын сапалы және үздіксіз электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.