«Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 бойынша жылыту кезеңінің өту барысы туралы

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 бойынша жылыту кезеңінің өту барысы туралы

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2-де болды.

Станцияны аралау қорытындысы бойынша Теміртау қаласының ЖЭО-2 басшылығымен және мердігер ұйымдармен кеңес өткізілді. № 4 және 5 қазандықтарда және № 3 турбинада жөндеу жұмыстарын кешіктірудің проблемалық мәселелері қаралды. Мердігер ұйымдар ағымдағы жылдың 25 қарашасына дейін № 5 қазандықты, ал № 4 қазандықты ағымдағы жылдың 7 желтоқсанына дейін жөндеуді аяқтау туралы куәліктер берді. № 3 турбинаны жөндеуді аяқтау мәселесі генератор орамасын ауыстыруға шарт жасасқаннан кейін қаралатын болады.

ЖЭО-да негізгі және резервтік отынның нормативтік қоры бар.

Күл ұстайтын қондырғыларды жөндеудің арқасында қазандықтардың бу өнімділігі артты.

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті «Арселор Миттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО бойынша жылыту кезеңінің өту барысын тұрақты негізде бақылауды жүзеге асырады.

https://beta.egov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/651011?lang=kk