Алматы қаласы тұрғындарының Қазақстан Республикасы Энергетика министрімен кездесуі

Алматы қаласы тұрғындарының  Қазақстан Республикасы Энергетика министрімен кездесуі

2023 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің өкілдерімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп 2023-2024 ж. жылыту маусымына энергия кәсіпорындарының дайындығы бойынша Алматы қаласының энергетикалық кәсіпорындарына баруды жүзеге асырды. Оның барысында Алматы қаласының тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өткізілді, онда тұрғындарды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді, сондай-ақ электр станцияларын жаңғырту, Алматы қаласын отынмен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Қазіргі уақытта қаланың электр және жылу энергиясына қажеттілігін Алматы ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 (Электр және жылу энергиясын өндіру), Қапшағай ГЭС, ГЭС каскады (электр энергиясын өндіру) қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау бойынша қалған қажеттіліктер негізінен «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС («АТКЭ» ЖШС) қазандықтарында және басқа да шағын жылу көздерінде өндіріледі. Электр энергиясының кемшіліктері «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр энергиясын тасымалдау және тарату жөніндегі ірі энергетикалық жүйе арқылы жабылады.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2023-2024 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін, жалпы ұзындығы 293,352 км электр беру желілерін жөндеу жоспарланған, соның ішінде: 220кВ ӘЖ– 4 км; 110кВ ӘЖ – 26 км; 35 кВ ӘЖ – 12  км; 6-10кВ ӘЖ – 44,205 км; 0,4кВ ӘЖ – 54,329 км; 6-10кВ КЖ – 99,970 км; 0,4кВ КЖ –
52,848 км, сондай-ақ– 7 дана қосалқы станциялар; 201 дана –ТП,ҚТС, КҚТС.

2023 жылғы 7 қарашадағы жағдай бойынша 293,352 км электр беру желілері жөнделді, ол жылдық жоспардың 100%-ын құрайды, сонымен қатар 7 қосалқы станция жөнделді, ол жылдық жоспарға 100%-ды құрайды.