Алматы облысында 110/10кВ «Көкөзек» қосалқы станцасы іске қосылды

Алматы облысында 110/10кВ «Көкөзек» қосалқы станцасы іске қосылды

2023 жылғы 7 қазанда «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен 110/10кВ «Көкөзек» қосалқы станцасы іске қосылды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен іске асырылған жоба Қарасай ауданында бос қуат тапшылығы бар индустриялық аймақты электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.

Іске қосылған жаңа қосалқы станция жаңа жобаларды іске асыруға, сондай-ақ қолданыстағы жобаларды жаңғыртуға және ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қарасай ауданының индустриалдық аймағына инвестиция тартуға жол ашады.

Қосалқы станция шағын және орта бизнестің 346 субъектісін, Қарасай аудандағы тұрғын үй секторындағы 1362 тұтынушыны сенімді және тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін болады.

«Көкөзек» қосалқы станциясының құрылысы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикалық холдингінің құрылымындағы компанияның қаражаты есебінен жүзеге асырылды.