Өлі итбалықтарды анықтау туралы ақпарат

Өлі итбалықтарды анықтау туралы ақпарат
  2024 жылғы 25 сәуірде Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының (бұдан әрі – Инспекция) қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауын мониторингтеу барысында Түпқараған ауданында 12 өлі итбалық ұшасын тапты.
    Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, Экология және полиция департаменттері, Табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.
    Инспекция мен жергілікті атқарушы органдардың, Гидробиология және экология институтының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар анықталған орнынға шықты.
    Өлі итбалықтардың табылған өліктері шіріген күйде болды, бұл олардың өлімі қыс мезгілінде шамамен бір уақытта болған және осы уақыт ішінде өліктер суда болған деп болжауға негіз береді. Олар 23 сәуірде басталып бүгінгі күнге дейін батыстан соғып тұрған дауылдың салдарынан жағаға шығып қалған.
     Бұл ретте, Гидробиология және экология институтының қызметкерлері сынамаларды алуға болатын бірнеше данадан тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзалардың тіндерін, сондай-ақ азу тістерін ішінара іріктеп алды.
    Сонымен қатар, 2024 жылғы 23-24 сәуір аралығында инспекция Гидробиология және экология институтының қызметкерлерімен бірлесіп, Каспий теңізінің жағалауын мониторинг жүргізу кезінде 67 өлі итбалық өлекселері табылды, олар да шіріген күйде болды.
     Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.
     Ақпарат түскен сайын жаңартылады.
     Анықтама: 2024 жылдың 29 наурызы мен 25 сәуірі аралығында барлығы 182 өлі итбалық өлекселері табылды.