Энергетика вице-министрі А. Хасенов «Маңғыстаудың мұнай-газ болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Энергетика вице-министрі А. Хасенов «Маңғыстаудың мұнай-газ болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

2024 жылғы 26 сәуірде энергетика вице-министрі А. Хасенов «Маңғыстаудың мұнай-газ болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

А. Хасенов өз сөзінде саланың ұзақ уақыт бойы ірі антиклинальді құрылымдардың тапшылығын сезініп келе жатқанын және маңызды жаңалықтардың жоқ екенін атап өтті. Көмірсутектердің перспективалы ірі кен орындары 4500 метрден төмен тереңдікте болуы мүмкін, бұл айтарлықтай қаржылық инвестицияларды қажет етеді. 

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Энергетика министрлігі  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, іздестіріп бұрғылауға перспективалы объектілерді кейіннен бөлу үшін зерттелген бассейндер бойынша шамамен  36,0 мың қума км-ден және аз зерттелген бассейндер үшін 28 мың қума км-ден сейсмикалық зерттеулерді қамту арқылы  2025 – 2035 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасын әзірлеп жатыр.

Сонымен қатар салаға инвестицияларды ынталандыру мақсатында бірқатар мынадай заңнамалық реформалар қабылданды:

1) Күрделі жобалар бойынша «Жақсартылған модельдік келісімшарт» тетігі енгізілді (бүгінгі таңда 9 млрд долларға жиынтық инвестициялары бар              5 Жақсартылған модельдік келісімшарт жасалды);

2) сарқылатын (жетілген) кен орындарын қолдау тетігі әзірленді, бұл өндірудің 2045 жылға қарай қосымша 60 млн тоннаға дейін өсуіне мүмкіндік береді;

3) рәсімдер оңтайландырылды, атап айтқанда, 8-10 айға дейін үнемдей отырып, "өріске" шығу нәтижесі ретінде қажетті келісулер мен сараптамалар алынып тасталды.

Тұтастай алғанда, елдің көмірсутектер бойынша ресурстық әлеуеті айтарлықтай жоғары және Энергетика министрлігінің алдында заманауи технологияларды тарта отырып, геологиялық барлау мен жұмыс істеп тұрған кен орындарын дамыту үшін инвестициялық ахуал мен жағдайларды одан әрі жақсарту жөніндегі міндеттер тұр.