С. Жақыпова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

С. Жақыпова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. ЕХӘҚМ басшысы бірқатар өндірістік кәсіпорындардың қызметімен танысып, су тасқынынан зардап шеккен азаматтармен кездесіп, онлайн режимде залалды өтеуге өтініш беру алгоритмін көрсетеді.

Өңірге келгеннен кейін Светлана Жақыпова Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетовпен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету және Мемлекет Басшысының әлеуметтік-еңбек саласына байланысты тапсырмаларын іске асыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру және басқа да мәселелер қаралды.