Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Бұған дейін Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барған төтенше жағдайлар, қорғаныс және ішкі істер министрліктері күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда.

Жайық және Есіл өзендеріне судың келуіне байланысты Атырау,  Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары бақылауда. Су деңгейінің көтерілуі байқалады, мониторинг жалғасуда. 

Жайық өзені бойында су тасқыны жағдайын болдырмау мақсатында Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарындағы ауылдық округтерде бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін броьннан шығарылған жылжымалы сорғы станцияларын қолдану арқылы су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам,  3 мың техника, 633 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.