Оқу-ағарту министрі алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдерін марапаттады

Оқу-ағарту министрі алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдерін марапаттады

Отан қорғаушылар күні 20 АӘТД педагогі ведомстволық наградалармен марапатталды. Салтанатты шараға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

Министр кездесуге қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, оларға өскелең ұрпақты патриотизмге, еңбексүйгіштікке тәрбилеуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

«Бүгінде қазақстандық мектептерде 5 мыңға жуық алғашқы әскери және технологиялық дайындық педагогі қызмет етуде. Балалардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруда, әскери қызметке құрметпен қарауға, азаматтылыққа, патриотизмге тәурбиелеуде сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Сіздер мыңдаған жасөспірім үшін батылдық пен күш-қайраттың үлгісі болып табыласыздар. Еліміздің болашақ отан қорғаушыларын тәрбиелеудегі ерік-жігерлеріңіз бен еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін», - деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ министр педагогтердің еңбегін елеп, оларға марапаттар тапсырды:

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталғандар:

1) Коспанов Дархан -
Солтүстік Қазақстан облысы Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-шебер;
2) Умирзаков Жанбол -
Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-модератор;

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен:

3) Умирбеков Сабит -
Астана қаласы № 59 мектеп-лицейдің педагог-зерттеушісі;
4) Нұрғамза Руфат - Алматы қаласы № 117 жалпы білім беретін мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
5) Досжан Сержан - Шымкент қаласы Қ. Сыпатаев атындағы № 7 IT мектеп-лицейінің педагог-зерттеушісі;
6) Серик Жусупов - Абай облысы Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназияның дене тәрбиесі және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
7) Амренов Жанат - Ақмола облысы Атбасар ауданы № 2 жалпы орта білім беретін мектептің педагог-зерттеушісі;
8) Жанбырбаев Булатбек - Ақтөбе облысы № 17 гимназияның әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
9) Ажигалиев Саламат - Атырау облысы Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
10) Даулеткалиев Аскар - БҚО, Бөрлі ауданы № 4 жалпы орта білім беретін мектептің әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
11) Андриянов Александр - Жамбыл облысы Меркі ауданы И. Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназияның педагог-зерттеушісі;
12) Омаров Дюсембай - Жетісу облысы Алакөл ауданы Д. Қонаев атындағы мектебінің дене шынықтыру, әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
13) Хасенов Амангельды - Қарағанды облысы Қарағанды қаласы № 91 жалпы білім беретін мектептің әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
14) Садыков Ерболат - Қызылорда облысы Сырдария ауданы № 210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектептің педагог-зерттеушісі;
15) Карасартов Жумахан - Маңғыстау облысы Ш. Мұңалұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
16) Идрисов Абзал - Павлодар облысы, Павлодар қаласы, № 30 жалпы білім беретін мектептің педагог-зерттеушісі;
17) Аймурзаев Ербол - Түркістан облысы № 32 Ә. Жангельдин атындағы жалпы білім беретін мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
18) Изтилеуов Нурлан - Ұлытау облысы Жезқазған қаласы № 10 жалпы білім беретін мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
19) Енсенов Нурлыбек - ШҚО Тарбағатай ауданы Қ. Ақынов атындағы орта мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
20) Сергей Мишура - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ершов орта мектебінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.