«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық конкурсы басталды

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық конкурсы басталды

Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңі басталды.

Конкурс мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара қарым-қатынасының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын тарату және танымал ету.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» – бұл еліміздің барлық өңірлерінің педагогтері инновациялық идеяларды ұсынатын, тәжірибе алмасатын және жаңа практикаларды игеретін сараптамалық алаң. Конкурс цифрлық технологияларды белсенді қолданумен ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде педагогтердің IT-құзыреттілік деңгейіне оң әсер етеді. Биыл «Педагогикалық идеялар панорамасы» 5-ші рет өтеді, педагогтердің конкурсқа қызығушылығы жыл сайын артып келеді», – дейді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов.

Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu-edu.kz сайтында 24 сәуір–15 қазан аралығында қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық және Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы филиалдарына хабарласуға болады.