Балабақша тәрбиешілерінің назарына!

Балабақша тәрбиешілерінің назарына!

Оқу-ағарту министрлігінің №130 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі бекітілген.
Балабақша тәрбиешілері (педагогтері) міндетті құжаттардың бірі апта сайын тәрбие мен білім беру процесінің циклограммасын жасайды.
Мемлекеттік аттестаттау кезінде циклограммалар тексеріледі. Ағымдағы және өткен 2 оқу жылының құжаттары ғана қаралады. Бұрын 5 оқу жылының құжаттары қаралатын.
Мемлекеттік аттестаттау үшін циклограммаларды сканерлеудің қажеттілігі жоқ.
Кейбір балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері циклограмманы қағаз форматында шығартып, оған қол қойып, оны сканерлету фактілері орын алуда. Бұл дұрыс емес деп есептейміз.
Аумақтық департаменттерге де мемлекеттік аттестаттау кезінде циклограмманы тәрбиешілерге ыңғайлы нұсқада қабылдау туралы тапсырма берілді.