«Өнегелі ұрпақ»: астаналық жас спортшылар экоакцияны қолдады

«Өнегелі ұрпақ»: астаналық жас спортшылар экоакцияны қолдады

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр. Республикалық экоакцияға Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №2 және №5 мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Олимпиадалық резерв дайындау орталығының қызметкерлері қатысты , деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Экоакция аясында мекеме қызметкерлері мен бірқатар спортшылар ардагердің ауласын тазалап, шөптерін орып, ауланың қоқыстарын шығарды.

Айта кету керек, қалалық спорт басқармасына бағынысты мекемелердің қызметкерлері «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының аумағын, қала тұрғыны бірінші топтағы мүгедектігі бар Берен Өтебаеваның ауласын, Пригородный тұрғын алабында орналасқан зейнеткердің бақшасын, бірнеше көпбалалы отбасыларының аулаларын қоқыстан тазарту мен абаттандыру бойынша көмекті ерікті түрде көрсетті.

Осы апта «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналған.

Ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.