Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

2025 жылғы 11 наурызда Рашкалиев Естай Елтаевич Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Естай Рашкалиев 2008 жылдан бастап әділет органдарында қызмет атқарып келеді. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған. Сот және құқықтық жүйеде мол тәжірибесі бар.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жаңа басшыны департамент ұжымына таныстырып, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және атқарушылық өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, ол Естай Рашкалиевтің кәсібилігі мен басқарушылық қабілеті қойылған міндеттерді табысты орындауға мүмкіндік беретініне сенім білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.